КВИ мен пневмонияға шалдыққан 162 науқастың жағдайы өте ауыр

29 Мамыр 2021, 10:01
1965
Бөлісу:
КВИ мен пневмонияға шалдыққан 162 науқастың жағдайы өте ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 29 мамырдағы ақпарат жария етілді.

29 мамырдағы мәлімет бойынша 29 171 адам коронавирус инфекциясынан (28 595 КВИ+ және 576 КВИ-) емделуде, олардың ішінде

- 10 891 пациент стационарда, 

- 18 279 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 638 адамның жағдайы ауыр,

- 162 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 108 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Өзгелердің жаңалығы