КВИ-ге қарсы екпе салдырғандар 1 млн доллар ұтып алу мүмкіндігіне ие болады

13 Мамыр 2021, 12:25
1607
Бөлісу:
КВИ-ге қарсы екпе салдырғандар 1 млн доллар ұтып алу мүмкіндігіне ие болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Огайо штатында коронавирусқа қарсы екпе салдырған 5 ересек адам Үкімет ұйымдастырып отырған лоторея нәтижесі бойынша миллионер атану мүмкіндігіне ие болады.

Бұл туралы штаттың губернаторы Майк Деуайн мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

Екі аптадан кейін, яғни 26 мамырда біз вакцинаның бірінші дозасын алған ересектер арасында лоторея жеңімпаздарын хабарлаймыз. Бес апта бойы әр сәрсенбі күні жеңімпаздар анықталып отырады. Бұл - әр сәрсенбіде бір жеңімпаз 1 млн доллар алатын болады деген сөз, - деді Деуайн жергілікті радиостанцияларда жасаған үндеуінде.
Губернатордың сөзінше, штат лотореяға қажет қаражатты COVID-19-ға байланысты құрылған федералды қорлардан алады.



Өзгелердің жаңалығы