Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыйақыны алу үшін вакцинаның екі дозасын да 31 шілдеге дейін алу керек.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияланған қызметкерлерге сыйақы жариялады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.Біз Үкіметтің халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациямен кеңінен қамту жөніндегі бастамасын қолдау туралы шешім қабылдадық және өз тарапымыздан вакцинацияның толық курсынан өткен қызметкерлерді ынталандыру бағдарламасын іске қостық, - делінген хабарламада.
Осылайша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, сондай-ақ «Өркен» ЖШС, «Құрылысмет» ЖШС, «Оқжетпес» ЖШС, «Пауэр Нетворкс» ЖШС, «Крафт-сәт» ЖШС, «Temirtau associates and ancillaries» ЖШС, «Backup Service» ЖШС және «ArcelorMittal Tubular Products Aktau» АҚ 2021 жылдың 31 мамырына дейін COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың бірінші компонентін және 2021 жылдың 31 шілдесіне дейін екінші компонентін алған қызметкерлер 10000 теңге мөлшерінде бір реттік сыйақы алады.
Сыйақы вакцинаның екінші компонентін алғаннан кейінгі жалақымен бірге төленеді. Компания қызметкерлерінен жауапкершілік танытып екпе жасауларын сұраймын. Біз сау және қауіпсіздікте болсақ тұрақты жұмысымызды жалғастыра аламыз және бұрынғыдай емін-еркін жүре аламыз, - деді АМТ бас директоры Биджу Наир.