КВИ-дің британиялық штаммы: Ирландияда ең жоғары өлім-жітім көрсеткіші тіркелді

23 Қаңтар 2021, 18:05
1188
Бөлісу:
КВИ-дің британиялық штаммы: Ирландияда ең жоғары өлім-жітім көрсеткіші тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың британиялық штаммы тез таралып қана қоймай, адам өміріне де қауіпті болуы мүмкін. 

Лондонда және елдің оңтүстік-шығысында табылған жаңа нұсқа - өлімнің жиілеуімен байланысты болуы мүмкін деген дәлел бар сияқты, - дейді британдық билігі.

Шотландия мен Уэльсте жаңа штаммның пайда болуы індеттің жаңа серпінін туғызды. Жаңа штаммның ең көп таралған Солтүстік Ирландия бір аптадағы ең жоғары өлім-жітім көрсеткіші тіркелді.

Токио Олимпиадасының ұйымдастырушылары жаппай вакцинация 2020 жылы кейінге қалдырылған жарысты осы шілдеде өткізуге мүмкіндік береді деп үміттенуде. 

АҚШ пен Еуропадағы жаппай вакцинация оң нәтиже беретіні сөзсіз, - дейді ұйымдастырушылар.

Венгрия ресейлік Sputnik V коронавирус вакцинасының 2 миллион дозасын сатып алды. 

Вакцинацияны жеделдету пандемия жағдайында Венгрияның ұлттық мүддесіне сәйкес келеді. Препаратттардың баяу қол жетімді болуына байланысты, жалғыз мүмкіндік - тиімді және қауіпсіз вакцинаны басқа жерден алу, - дейді ел билігі.

Франция алдымыздағы жексенбіден бастап елге кіретіндердің барлығынан ПТР-тест нәтижелерін ұсынуды талап ететіндігін айтты. Себеп - коронавирустық инфекцияның күрт көбеюі. Талдау «теріс» нәтижелі болуы керек және келуден 72 сағат бұрын жасалуы керек.

Бельгия үкіметі 27 қаңтардан бастап өз азаматтарына 1 наурызға дейін аса шұғыл болмаған жағдайда шет елге шығуға тыйым салатынын жариялады.

Португалия ел ішінде коронавирустың «британиялық» штаммының таралуын болдырмау мақсатында Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатты. Сонымен қатар COVID-19 ауруының өсуі ел билігін барлық мектепті кем дегенде 15 күнге жабуға мәжбүр етті.

Өзгелердің жаңалығы