Күздің алғашқы күндері салқын болады

1 Қыркүйек 2023, 14:44
874
Бөлісу:
Күздің алғашқы күндері салқын болады
Фото: BAQ.KZ - архив

Қазақстан бойынша 02-04 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын Қазгидромет ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 

Күздің алғашқы демалыс күндері салқын және жаңбырлы болады деп болжанып отыр.

Кең және аз жылжымалы циклон Қазақстаның ауа райын анықтайды. Алдағы күндері республиканың көп бөлігінде бұлтты, жаңбырлы және суық ауа райы сақталады. Солтүстікте, шығыста, орталықта кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, Жетісу және Алматы облыстарының таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын жаңбыр мен сулы қар түрінде күтіледі, найзағай, бұршақ, екпінді жел болады. 

Бұл аймақтардағы ауа температурасы түнде 5-12, күндіз 13-20 жылы, түнде таулы аймақтарда 0-5 жылы болжанады.

Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ашық ауа-райы, салыстырмалы түрде қолайлы температуралық фонмен сақталады. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжануда.

Өзгелердің жаңалығы