Күз-көктем кезеңдерінде ауыл шаруашылығы тауарларының бағасы қалай болады?

27 Сәуір 2022, 18:00
1319
Бөлісу:
Күз-көктем кезеңдерінде ауыл шаруашылығы тауарларының бағасы қалай болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісі депутаты Бекқали Торғаев күзгі-көктем кезеңдерінде ауыл шаруашылығы тауарлары бағасына алаңдап, Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа депутаттық сауал жолдады.

2022 жылғы сәуірдегі жағдай бойынша жыл басынан бері барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары қымбаттаған. Мәселен, сәбіз бағасы 31,3 пайызға, картоп құны 32,9 пайыз, ал пияз бағасы 58,2 пайызға өскен, - деді депутат.

Торғаевтың сөзінше, мемлекеттік органдар бұл мәселенінің шешу жолының бірі – көтерме тарату және сақтау орталықтарын салу арқылы болатынын айтып отыр.

AMANAT партиясының Жол картасында ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау жөніндегі 24 көтерме орталықтарын іске асыру көзделген. Орындалу мерзіміне сай былтыр ауыл шаруашылығы тауарларын таратуға арналған 2 көтерме-тарату орталығы Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалаларында іске қосылды. Биыл Алматы, Жамбыл және Павлодар облыстарында 4 көтерме сақтау орталығы, ал Алматы қаласында 1 көтерме тарату орталығының құрылысы жоспарланған. Бүгінде салынған көтерме-тарату орталықтары стандартты бизнес орталықтарына айналып отыр, - деп толықтырды мәжіліспен.

Бекқали Торғаев бүгінгі күні кешенді сауда-логистикалық инфрақұрылым құру жолымен өндірушіден тұтынушыға дейінгі сауда-өткізу тізбек жолы сақтауға бағдарланған көтерме орталықтары болмай толық жұмысын атқара алмайды. Бұл өз кезегінде күзгі-көктем кезеңдерінде ауыл шаруашылығы тауарлары бағасының өсуіне әкеп соғады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты және Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2022-2024 жылдарға арналған жоспарын назарға ала отырып, күзгі-көктем кезеңдерінде фермерлер ауыл шаруашылығы өнімдерін көтерме сақтау орталықтарында сақтай ала ма? Қарапайым шаруа иесі сақтау орталықтарына қол жеткізе алмаса, күзгі-көктем кезеңдерінде ауыл шаруашылығы тауарларының бағасы қалай болмақ? Осы жылға жоспарланған көтерме сақтау орталықтарының құрылысы қашан қолданысқа беріледі? – деп сауал жолдады депутат.

Өзгелердің жаңалығы