Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Күйеу жігіт қалыңдығын көріп, той үстінде есінен танып қалды

17 Маусым 2025, 13:39
37283
Бөлісу:
 pexels.com
PHOTO
Фото: pexels.com

Бразилияда бір жігіт қалыңдығын салтанатты түрде неке қию үстеліне қарай келе жатқан сәтін көріп, кенеттен есінен танып қалған. Бұл туралы New York Post жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

25 жастағы мектеп мұғалімі Густаво Шмитц неке қию үстелінің алдында қалыңдығын асыға күтіп тұрған. 

Ол ішке енгенде, бұрынғысынан да әдемі көрінді. Сол сәтте денемнен әл кетіп, бойымды әлсіздік биледі, - деп еске алады ол. 

Қыз бен 200 қонақтың көз алдында ол есінен танып, артқа қарай құлай бастайды.

Күйеу жігіт қалыңдығын көріп, той үстінде есінен танып қалды
Фото: Jam Press/Густаво Шмитц

Күйеу жігітке көмектесуге оның жанындағы қалыңдығы, достары мен алдында тұрған діни қызметкер дереу ұмтылған. Қалыңдығы оның киімінің жағасынан, ал діни қызметкер жеңінен ұстап үлгеріп, құлап кетуден аман алып қалған. 

Содан кейін менің досым Эдуардо – дәрігер, тез жүгіріп келіп, тамырымды тексерді. Ол пастормен (протестант шіркеуінің шіркеушісі – редакция ескертуі) бірге алғашқы көмек көрсетті, - дейді Шмитц.

Видеода күйеу жігіттің артқа қарай құлап бара жатқан сәті түсірілген – дәл 90-жылдардағы комедия фильмдеріндегі көріністей. Пастор мен қонақтар бірден оған көмекке ұмтылады.

Шмитц тіпті кейбір жиналған швейцарларға (той ұйымдастырушыларына) "денем шымырлап тұр" деп айтқан, бірақ олар бұған сенбеген. Себебі ол бұрыннан қалжыңға жақын адам ретінде танылған екен.

Күйеу жігіт қалыңдығын көріп, той үстінде есінен танып қалды
Фото: Jam Press/Густаво Шмитц

Күтпеген ес-түссіз жағдайға қарамастан, күйеу жігіт тойдың ақырында "керемет әрі ғажайып" өткенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы