Күйеу бала мен келін жақын туыс санатына жатпайды – Ыдырысова

28 Сәуір 2022, 11:05
3736
Бөлісу:
Күйеу бала мен келін жақын туыс санатына жатпайды – Ыдырысова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жаңа заң бойынша президенттің қандай туыстары үлкен басшылық қызметтерді атқара алмайтынын «Желмая» жобасының қонағы KAZGUU университеті Жеке құқық департаментінің профессоры Сара Ыдырысова айтты. 

Құда, күйеу бала, келін құқықтық, заңдық тұрғыдан жақын туыс санатына жатпайды. Қан бойынша бірінші қатардағы жоғарғы, төменгі және көлденец сатыдағы туыстар жақын туыстарға жатады. Ал қанды емес туыстардан жұбайы жатады. Неке және отбасы туралы кодексте оның барлығы көрсетілген, – деді профессор.

Сара Ыдырысова қоғам тарапынан көп талқыланып жүрген мәселенің бірі Елбасы туралы бапқа да тоқталып өтті. 

Елбасы деген термин Конституцияға енгізілгелі мөлшері 10 жыл болды. Ол термин 2011-2012 жылдардағы өзгерістерге сай енгізілді. Әрине, көптеген ғалымдар оны сынаған, оған келіспеген. Бірақ заман солай болды, Конституцияның 91-бабының 2-тармағына елбасы терминін енгіздік. Сол кезде енген еліміздің негізін қалаушы деген норма әлі күнге дейін бар. Бірақ қазіргі заман талабы мен саяси жағдайға сай біз елбасы деген терминнен мүлдем арылдық. Ата заңда елбасы деген сөз болмайды. Ата Заңымызда тұңғыш президент туралы нормалар өте аз көлемде, тарихи фактіні бекіту үшін ғана қалады, – деді ол. 

Сондай-ақ KAZGUU университеті профессоры конституцияда тұңғыш президенттің жақын туыстары туралы ешқандай норма болмағанын, олар бөлек тұңғыш президент туралы конституциялық заңда болғанын және бүгінгі таңда ол заңнан алынып тасталғанын, тұңғыш президентке қатысты бірде-бір жаңа норма енгізілмегенін ескертті. 

Өзгелердің жаңалығы