Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада алдағы тәулікте көктайғақ болуы мүмкін. Осыған байланысты ТЖД тайып құлау қаупін азайту үшін көктайғақ кезінде келесі ережелерді сақтау керектігін ескертеді:
- биік өкшелі аяқ киімнен бас тартып, шағын кеуекті табаны бар тайғанамайтын аяқ киімді таңдаңыз;
- жолдың жүру бөлігінде өте сақ болыңыз: асықпаңыз және жүгірмеңіз;
- тегіс емес мұз қатқан барлық жерді айналып өтуге тырысыңыз;
- қолдарыңыз мүмкіндігінше бос болуы керек, ауыр сөмкелер ұстамаңыз, қолыңызды қалтаңызға салып жүрмеңіз, бұл құлау ықтималдығын арттырады;
- егде жастағы адамдарға резеңке ұштығы бар таяқ немесе ұштары бар арнайы таяқ қолдануға кеңес беріледі.
Жолдың жүру бөлігінде өте сақ болыңыз: асықпаңыз және жүгірмеңіз! Есіңізде болсын: әсіресе, арқаға құлау қауіпті, ми сілкінісін алуға болады. Жарақат алған кезде міндетті түрде бірден медициналық көмекке жүгіну қажет, - делінген хабарламада.
Автокөлік жүргізушілері қашықтықты сақтау қажет және қандай жағдай болмасын жылдамдықты асырмау керек.