Құс тұмауы. Өтемақы үшін 64 млн теңге бөлінді

13 Қазан 2020, 11:00
1134
Бөлісу:
Құс тұмауы. Өтемақы үшін 64 млн теңге бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов мәлімдеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің 2020 жылғы 02.10. № 36-4-36/4565 хаты негізінде 2020 жылғы 3 қазанда жеке және заңды тұлғаларға жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың құнын бюджет қаражаты есебінен өтеуді жүзеге асыру үшін 2020 жылғы қыркүйек айындағы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» № 7-1/559 бұйрығына сәйкес алып қойылатын және жойылатын құстардың орташа айлық нарықтық құны бойынша өңірлерге хат жолдады, – дейді ол.

2020 жылғы 7 қазанда облыс әкімдіктеріне құс тұмауынан өлген құстардың орташа нарықтық құнын өтеу үшін иелеріне құжаттар пакетін қалыптастыру кезінде көмек көрсету туралы хаттар жолданды.

Өтем үшін жеке аулаларда 12 968 құс басына құжаттар дайындалды. ҚР АШМ ВБҚК «РЭО» РММ – 2020 жылғы 9 қазанда қазынашылық арқылы 64 153 570 теңге сомасында ақшалай қаражат жіберілді. Қазынашылық шоттарды өңдеуді үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Қазіргі жағдайда өтем алу үшін 2 585 жеке аулада құс басына құжаттар дайындалды, өтеудің жалпы сомасы 8 878 364 теңге, – дейді Тұрсын Қабдолданов.

Өзгелердің жаңалығы