Құс тұмауы. 2020 жылға 3,3 млн доза вакцина бөлінген

13 Қазан 2020, 11:05
1965
Бөлісу:
Құс тұмауы. 2020 жылға 3,3 млн доза вакцина бөлінген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов құстарды вакцинациялау туралы айтты.

Қазақстанда профилактикалық вакцинация Құс өсірушілер одағы өкілдерінің қатысуымен қабылданған стратегияға сәйкес жүргізіледі және ҚР Премьер-министрі орынбасарының хаттамалық шешімімен расталады. Мысалы, құс шаруашылықтарында субъектілердің биологиялық қауіпсіздігінің күшейтілген режимін және жабайы қоныс аударатын құстармен жанасуды болдырмайтын «жабық типті» күтіп-ұстауды ескере отырып, құстарды әр басына вакцинациялау көзделмейді; 2019 жылдың көктемінен бастап құс фабрикаларынан 20 шақырым жерде орналасқан құс фабрикалары мен халық шаруашылықтарының ата-енелік табынын вакцинациялау көзделген, – дейді ол.

ҚФ қолданыстағы ветеринариялық заңнамада көзделген міндеттемелеріне сәйкес өздері де вакциналар жасайды. 

Бұл ретте бройлер құс фабрикалары бройлерлердің қысқа өмір сүруіне байланысты (36-40 күн) оларға вакциналау жүргізбейді, өйткені олар тәуліктік балапандар мен инкубациялық жұмыртқаны аналық құс басы ЖПҚТ-ға вакциналанатын ҚФ-дан алады. Жұмыртқа бағытындағы ҚФ жұмыртқалағыш тауықтарды вакциналайды. 2020 жылға бекітілген жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың ақпан айында құс тұмауына қарсы вакциналарға 3 377 900 (доза) вакцина бөлінді, – дейді Тұрсын Қабдолданов. 

Ошақтарды оқшаулау үшін қыркүйек айында республикалық резервтен қосымша 2,3 млн доза бөлінді және қыркүйекте қосымша 697 755 доза вакцина, қазан айында 1,3 млн доза сатып алынды, осылайша, өңірлерге 7,7 млн доза вакцина бөлінді, бригадалар ұйымдастырылды, 1185-тен астам ветеринариялық маман тартылды. 

Вакцинация үшін БҚПҒЗИ отандық вакцинасы тегін қолданылады. Бүгінгі күні мәжбүрлі вакцинация аясында ҚР 3 261 елді мекенінде 2 851 759 құс басы вакцинацияланды. Бүгінгі күні Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында және Нұр-сұлтан қаласында вакцинация толығымен аяқталды. Эпизоотиялық жағдай ветеринарлық қызметтердің тұрақты бақылауында, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы