Құс фабрикалары қауіпсіздік шараларын күшейтті

13 Қазан 2020, 11:34
1820
Бөлісу:
Құс фабрикалары қауіпсіздік шараларын күшейтті
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Макинка құс фабрикасы» ЖШС бас директоры Евгений Проскурин  «Қазақстандағы құс тұмауына қарсы шаралар мен өнімдердің қауіпсіздігі» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтты. 

«AitasKZ» АҚ-ға қарасты құс фабрикаларында құс тұмауы тіркелген жоқ. Біздің компаниялар Қазақстандағы құс еті бойынша ең көлемді өндірісті жүзеге асырады. Компания тобына қарасты құс фабрикаларында құс тұмауы тіркелмеді. Біз үшін ең басты көрсеткіш - өнім сапасы мен қауіпсіздігі, - деді Проскурин. 

Оның айтуынша, құс фабрикасында қауіпсіздік шаралары қамтылған.

Өнім шығарудың барлық кезеңінде қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіледі. Қазір Қазақстанда тіркелген құс тұмауына қатысты ол шаралар күшейтіліп отыр. Құстарға  вакцинация жасалып жатыр. Ол құс тұмауын жұқтырмаудың алдын алуға мүмкіндік береді. Құс фабрикасында құстарға қызмет көрсетпейтін адамдардың кіруіне тыйым салынды. Барлық техника дезинфекцияланып жатыр, - деді ол.

Сондай-ақ ол мемлекеттік ветеренария қызметімен бірлесіп жеке аулалардағы құстарға вакцинация жасалғанын айтты.

Құс фабрикасы маңындағы барлық ауланың құстарына вакцинация жасалды. Сонымен қатар құс фабрикасында қызмет ететін қызметкерлердің құс тұмауын жұқтырған құстары жойылды. Алайда олардың орны материалдық тұрғыда өтелді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы