Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.
Отырыс барысында ол алғашқы тоқсандағы көрсеткіштермен таныстырды. Соның ішінде елдегі құрлыс секторының жағдайына тоқталды.
Оның айтуынша, құрылыс секторындағы өсу қарқыны жеделдеді. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 13,1%-ға ұлғайды. «Aktau Resort Hotel» көпфункционалды қонақ үй-туристік кешенінің құрылысы бойынша жұмыстардың аяқталуына байланысты Маңғыстау облысын қоспағанда, барлық өңірлер оң өсім көрсетті.
Мәдениет және спорт нысандары, көп пәтерлі тұрғын үйлер, магистралдық газ құбыры мен көлік жолдары құрылысының ұлғаюына байланысты жоғары өсу Түркістан облысында тіркелді. Солтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау, білім беру және ауыл шаруашылығы объектілерін сал көрсеткіші өскен. Алматы қаласында–метро, білім беру объектілерін салу және электр желілерін дамыту есебінен байқалады, - деді ол.
Оның келтәрген мәліметтеріне сүйенсек, қаңтар-наурызда 2,9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың кезеңінен 8,6%-ға жоғары. Павлодар облысынан басқа барлық өңірлер оң өсім көрсетті.Тұрғын үйді ең көп пайдалануға беру Шымкент қаласында байқалды.Мұнда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,9 есе көп тұрғын үй салынған.