Биыл Күршім ауданында қоғамдық ғимараттарды жөндеу бойынша 7 ауылда медициналық пункт ғимаратының құрылысы жүргізіледі. Бұл туралы аудан әкімі Алмат Ақышов баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған жобалар ішінде 5 ауылда (Ақжайлау, Ұрынқай, Жолнұсқау, Аманат, Маралды ауылдарында) 686,9 млн теңгеге медициналық пункт ғимаратының құрылысы жүргізіледі. Сонымен қатар Тақыр және Жаңаауыл ауылдарында 32 млн теңгеге 2 жоба жоспарланған.
Аудан әкімінің айтуынша, биылға жоспарланған жобалардың басталуына қажетті қаражат 2023 жылғы бюджетте бөлінген. Қосымша қажеттіліктер бойынша жыл көлемінде бюджетті нақтылау кезінде сұраныс беріліп, қаржының бөлінуі үшін жұмыс жүргізіледі.