Курсанттар әскери тағылымдамадан өтті

10 Қазан 2019, 23:11
1605
Бөлісу:
Курсанттар әскери тағылымдамадан өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрлық әскерлері әскери институтының 3 курс курсанттары әскерде тағылымдамадан өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, болашақ офицерлер тікелей әскери бөлімдерде әскердің, қару-жарақ пен жауынгерлік техниканың тапсырмаларын және жеке құраммен оқу мен жұмысты ұйымдастыруды зерделейді, бұл өзінің мамандығы бойынша тәжірибе жинауды зерттейтін оқудың жалғасы.

Апта сайын болашақ офицерлер әскери тағлымдаманың жеке жоспарын құрып, оны бөлім командиріне көрсетті. Сонымен қатар, атқарылған жұмыстарын жазатын күнделік жүргізеді. Әскери бөлімдердегі жауынгерлік даярлық шаралар кешенін есептеген курсанттардың күнделікті графиктері өте қызықты.

Тағлымдамада курсанттар жауынгерлік дайындық бойынша сабақтарды сапалы ұйымдастыру мен өткізуге, ЖОО-да алған теориялық білімдерін тәжірбие жүзінде дамытуға үйренеді.

«Тәжірибелік сабақтар барысында мен және менің топтағы достарым біліктіліктерімізді көрсетіп, оны ары қарай дамытуға тырыстық. Біз парктарда жауынгерлік техникаларға қызмет көрсетуді бақылып, оған өзіміз де қатыстық. Мен бірінші рет өзімді командир ретінде сынап көрдім. Оның қаншалықты ауыр екенін көріп, жеке құрамға біліктіліктерімді үйретуге барымша тырыстым», - деп атап өтті әскери институттың 3 курс курсанты Асқар Ахметжанов.

Жалпы алғанда бөлімше командирлері курсанттардың білімін «жақсы» және «өте жақсы» деп бағалады.

Қазіргі таңда қазақстандық жас офицерлерге үлкен жауапкершілік жүтелуде. Себебі, олар ертеңгі офицерлер қазақстандық әскердің тапсырмаларын орындайды.


Өзгелердің жаңалығы