Күріш егушілердің халыққа есеп беретіндері некен-саяқ – Мұрат Бақтиярұлы

23 Желтоқсан 2021, 15:09
1400
Бөлісу:
Күріш егушілердің халыққа есеп беретіндері некен-саяқ –  Мұрат Бақтиярұлы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Қызылорда облысында суармалы жер мәселесіне қатысты дау-дамай ушығып тұр.

Маған Шаған мен Түгіскен ауылдарынан жер пайлары бар екі мыңға жуық тұрғындардан хат келіп түсті. Барлығының  мақсаты өздерінің жер пайларымен бөлініп шығып өз беттерінше жұмыс істеу.  Шынында да  күріш егетін ірі шаруашылықтардың басшыларына түскен пайданы ашықтығына және оны бөлуге, дивидентке байланысты тұрғындардың өкпе назы жетерлік.  Кезінде Солтүстік Қазақстанда Зинченконың шаруашылығында болғанымда түскен пайданың барлығының ашықтығына, түскен пайданың 80% ауылдың мұқтаждығы мен ауыл халқының дивидентіне жұмсалатынын көрдім. Өйткені жер иелері ауыл халқы екенін Зинченко үнемі айтып отырды.  Біздегі ірі күріш егетін шаруашылық иелерінің халыққа Зинченко мен Сауер сияқты таза есеп беріп отырғандары некен-саяқ, - дейді ол.

Ол түскен пайданың есебін ешкім білмейтінін айтады.

Түскен пайданың есебін ешкім білмейді. Сондықтан да ауыл тұрғындары үнемі наразы. Шаған ауылынан арнайы елордаға келген екі азаматты Ауыл шаруашылық министріне жолықтырдым.  Бұл менің депутаттық міндетім, олар менің сайлаушыларым. Министр оларды мұқият тыңдады. Министрге жер пайларымен бөлек жұмыс істеймін деген азаматтарға бөліну процедурасын жеңілдету керек екендігін айттым. Ол үшін құқықтық нормативтік актілерді тез арада өзгерту қажет. Министр мұны колдады. Жалпы ауылдарда да бәсекелестік орта қалыптастыруымыз керек. Мысалы, көрші Түркістан облысында барлық суармалы жер ұсақ шаруа қожалықтарының қолында. Үлкен бәсеке бар, әрбір  жер иесі  жақсы өнім алу үшін өз жерлеріне жыл он екі ай қарайды. Біздің күріш егетін әрбір ауылдарда да бәсекелестік жағдайында жұмыс жасап отыратын бірнеше шаруа қожалықтарының болғаны дұрыс деп есептеймін, - деді депутат.

Өзгелердің жаңалығы