Күріш бағасы неге қымбаттады? – Қызылорда облысы әкімі жауап берді

7 Маусым 2023, 12:52
2049
Бөлісу:
Күріш бағасы неге қымбаттады? – Қызылорда облысы әкімі жауап берді
Фото: Артём Чурсинов архив

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев журналист сұрағына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қызылорда облысы елімізді 90 пайызға күрішпен қамтамасыз етіп келеді. Алайда жыл басында күріш бағасы біршама қымбаттады. Әкім бұл жағдайға түсініктеме берді.

Күрішке қажет техникалардың бағасы да қымбаттап жатыр. Оған жұмсайтын жанар-жағармайдың да, құрал-жабдықтардың да бағасы өсіп жатыр. Оның үстіне, барлық жерде жалақы да көтеріліп жатыр ғой. Мұның барлығы күріш бағасының өсуіне алып келеді, - деді Нәлібаев.

Әкім сондай-ақ күріш бағасын бақылауда ұстап отырғанын жеткізді. Өйткені жыл басында күріш бағасына қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген болатын.

6-7 кәсіпорында күріш бағасын негізсіз өсіру дерегі анықталды. Осыған байланысты 100 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Олар алдағы уақытта себепсіз күріш бағасын өсірмейтін болады, - деді әкім.

Нұрлыбек Машбекұлы бір келі күріштің бағасы 400 теңгеден асып кеткенін айтты. Алайда Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, әкім басқа өңірлерге қолдау көрсетіліп, Қызылорда облысындағы кәсіпорындармен келісімшартқа отырғандарға күріш 380 теңгеден босатылып жатқанын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы