Күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирі өтуде

Күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирі өтуде
801

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирінде қазақстандық еркін күрес шебері Юсуп Батырмұрзаев (125 келі) жартылай финалға өтті деп хабарлайды Olympic.kz.  

Батырмұрзаев турнирді ширек финалдан бастап, Оңтүстік Корея өкілімен кездескен болатын. 2020 жылғы Азия чемпионы саналатын Юсуп айтарлықтай атағы жоқ қарсыласын мерзімінен бұрын, 10:0 есебімен жеңді.  

Айта кетелік, бұған дейін Азамат Дәулетбеков те бірінші белдесуін таза жеңіспен аяқтаған болатын. 


Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы