Курчатовта көпқабатты үйлердің бірінен 3 ер адамның мәйіті табылды

22 Желтоқсан 2020, 09:25
1373
Бөлісу:
Курчатовта көпқабатты үйлердің бірінен 3 ер адамның мәйіті табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласында көпқабатты үйлердің бірінде үш ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, кінәлі адам (қайтыс болғандардың бірі) ер адам қылмыс жасағаннан кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Қайтыс болғандардың кім екендері анықталды, олар  Курчатов қаласының тұрғындары, - деді Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Өзге ақпарат тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты жария етуге жатпайды.

Әлеуметтік желілерде аталған факті Курчатов қаласының көшелерінде болғаны туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа жатпайды.



Өзгелердің жаңалығы