Курчатов қаласына жаңа басшы келді

7 Қараша 2023, 11:48
369
Бөлісу:
Курчатов қаласына жаңа басшы келді
PHOTO
Фото: Абай облысының әкімдігі

Курчатов қаласының жаңа әкімі таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Курчатовта қала жұртшылығымен кездесу өтіп, онда Абай облысының әкімі сайлау нәтижесінде тұрғындар сайлаған жаңа әкімді таныстырды. 

Курчатов қаласына жаңа басшы келді

Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңына сәйкес және Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясы сайлауының қорытындысы нәтижесінде қала әкімі болып Болат Таңсықбайұлы Әбдіралиев сайланды. 

Курчатов қаласына жаңа басшы келді

Еңбек жолын машинист болып бастаған Болат Әбдіралиев осы жылдар ішінде диспетчер, цех бастығының орынбасары, бірқатар кәсіпорындардың басшысы қызметін атқарды. 

Одан кейін «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының активтер бөлімінің меңгерушісі, Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.

Курчатов қаласына жаңа басшы келді

Болат Таңсықбайұлы қысқа мерзімде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосты. Курчатовтың болашағы зор. Оның ғылыми әлеуетін Мемлекет басшысы лайықты түрде атап өтті. Қаланың дамып, азаматтардың тұруына қолайлы жағдай жасау үшін бірлесе жұмыс істейтін боламыз, - деді өңір басшысы.

Кездесуде аймақ басшысы Курчатов қаласының жаңа әкімінің жұмысына табыс тіледі.

Өзгелердің жаңалығы