Құрбан айт алдында иесінен қашып кеткен бұқа елордалықтарды әбігерге салды

19 Шілде 2021, 16:40
4181
Бөлісу:
Құрбан айт алдында иесінен қашып кеткен бұқа елордалықтарды әбігерге салды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтандағы көшелердің бірінде иесінен қашып кеткен бұқа елордалықтарды біраз әбігерге салды. Полиция бөлімшесіне Жұбанов көшесінің адамдар көп жүретін бөлігінде қара малдың жүргендігі туралы хабарлама түскен.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысына кедергі келтіріп, апатты жағдай тудырған жануарды ұстап алып, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Ірі қараны полиция қызметкерлері Иманов көшесіндегі үйдің ауласына байлап қоюға мәжбүр болыпты. 29 жастағы ер адам бұқаны Құрбан айтқа деп әкелгені анықталды. Ірі қараның иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.


Өзгелердің жаңалығы