Күні бойы сотка шұқылайды: ҰҚК болашақ сарбаздардың әлсіз тұсын атады

16 Ақпан 2023, 14:02
1284
Бөлісу:
Күні бойы сотка шұқылайды: ҰҚК болашақ сарбаздардың әлсіз тұсын атады
Фото: Pixabay

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шекара қызметінің басшысы ер баланы әскерге жіберуге қалай дайындау қажет?» деген тілшінің сұрағына жауап берді. 

Бұл нәрселер жайдан-жай айтылып жүрген жоқ. Бізде тәрбие құрылымдары бар. Бұл құрылымда полиграфолог, психолог сынды мамандар жұмыс істейді. Әскерге шақыртулар болған кезде әскери комиссиартта да жұмыс жүргізіледі. Қазір наурызда әскерге шақыртуға қатысты бұйрық шығады. Иә, белгілі бір талаптар бар. Психологиялық тексерулер жасалады. Қалай дайындайтынына тоқталар болсам. Отан алдындағы борышын қыс-жазға қармастан кез келген жағдайда өтеп жүрген керемет жігіттеріміз бар, - деп атап өтті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі.

Айтуынша, белгілі бір санаттағы балалар әскери өмірге бейімделе алмай, психологиялық соққыға ұшырап жатады. 

Балалардың жеке санаттары барын да жоққа шығармаймыз. Мысалы, спортпен айналыспайтын, күндіз-түні «сотка» шұқылап отыратын балалар жоқ па?! Ондайлар әрине психологиялық соққы алады. Мәселе бір қаладан басқа қалаға ауысуында емес. Ол жерде де дәл өзіндей балалардың арасына түседі. Бейімделу кезеңінде кедергілер болуы мүмкін. Әскерге шақырылғандармен жұмыс істейтіндер дайындықтан өткен мамандар, - деді Ерлан Алдажұманов. 

Өзгелердің жаңалығы