Күнбағыс майының құны 35% - ға төмендеді

Бөлісу:
Күнбағыс майының құны 35% - ға төмендеді
Фото: автордан

Биылғы маусымда 312 мың тоннадан астам күнбағыс майы экспортталды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 75% – ға көбейген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ішкі нарықтағы күнбағыс майы құнының 2022 жылғы желтоқсандағы бағамен салыстырғанда -35% - ға дейін төмендеген. Бұл туралы «Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығының» өкілдері атап өтті. 

Біздің өндіріске шикізат жетпейді. Біздің өндіріс 3 млн тоннадай. Дайын өнімді сатудан түскен түсім күнбағыс тұқымының баламалы көлемін сатудан 19% -30% артық. Сала өкілдері алдағы үш жылда Қазақстандық май және жоғары ақуызды жем бойынша валюталық түсім 700 млн доллардан асуы мүмкін деп болжайды. Май зауыттарында майдың литірі орта есеппен 480-550 теңге. Осы ретте айта кетелігі май өндірушілер тазартылған май өндірісін өткен маусыммен салыстырғанда 4,1% - ға немесе 145,3 тоннаға дейін арттырды, –дейді өндірістік компанияның атқарушы директоры Сатыбалды Шалқаров.

Отандық күнбағыс майы өндірісінің өсуін ескере отырып, буып-түйілген күнбағыс майының импорты қысқарды: 2022 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы шілдеге дейін импорт 35,2 мың тоннаны құрады, өткен жылға қатысты қысқарту 14,8% немесе 6 мың тоннадан асқан.

Өзгелердің жаңалығы