19 ақпан сағат 9.00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар 6 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Абай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 177 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)
1. "Омбы-Майқапшағай" - Қалбатау а.-Бұғаз а. (барлық көлік үшін)
Жамбыл облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 79 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)
1. "Алматы-Ташкент-Термез" - Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық көлік үшін).
Жетісу облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 100 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)
1. "Үшарал-Достық" - Көктұма ст.-Достық ст. (барлық көлік үшін);
Қостанай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)