Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі Қостанай облысында бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырған бір топ тұлғаға қатысты ҚР ҚК-нің 190-б. 4-б. 2-тармағы бойынша қылмыстық іс тергеуде. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қылмыстық топ мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 млн теңгені жымқырған. Қаражат облыстың шаруашылық қожалығына күн энергиясын пайдалана отырып, ұңғымалардан суды көтеруге арналған жабдық сатып алуға субсидия ретінде бөлінген еді - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда.