Кубада су тасқынынан мыңдаған адам эвакуацияланды

15 Маусым 2023, 08:11
440
Бөлісу:
Кубада су тасқынынан мыңдаған адам эвакуацияланды
Фото: архив

Табиғат апатынан Кубаның Гранма провинциясы зардап шекті. Аймақта 100-ден астам елді мекенді су басып, үйлер қирап, бүлінген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су тасқынынан 6 адам қаза болды.

Камагуэй мен Лас-Тунас аймақтарында да өзендер арнасынан асып, жүздеген шақырым жолды су шайып кетті. Қос провинциядағы ауыл шаруашылығына көп нұқсан келді. Елде табиғат апаты салдарымен күрес жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы