Кубада мұнай базасындағы өрттен бір адам қаза тапты

Кубада мұнай базасындағы өрттен бір адам қаза тапты
480

 Кубадағы мұнай базасынан шыққан өрт кезінде 60 жастағы өрт сөндіруші ажал құшты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Тағы 122 кісі медициналық көмекке жүгінген. Дәрігерлер 5 адамның жағдайы ауыр деп отыр.

 Сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен 16 өрт сөндіруші әлі табылған жоқ. Билік оларды іздеуге қызыл жалын мүмкіндік бермей отырғанын айтады. Бұған дейін 5 мыңға жуық адам қауіпті аймақтан көшірілген. 

Жергілікті мамандарға Мексикадан 82, Венесуэаладан 35 өрт сөндіруші көмекке келді. 

Мексика мен Венесуэла президенттері дереу байланысқа шығып, қол ұшын созды. Мұнай базасынан шыққан бұл өртті әзірге ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Жағдай өте қиын. Шетелдік мамандар технология, химикаттар мен басқа да құрал-жабық ала келді,-дейді   Куба президенті Мигель Диас-Канель.

Естеріңізге сала кетсек, сенбі күні мұнай қоймасының біріне жай түсіп, жарылыс болған. Одан шыққан өрт екінші қоймаға таралды. Бұл мұнай базасы ел астанасы Гаванадан 100 шақырым жерде орналасқан.
 

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы