Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Куба басшысы АҚШ-пен қақтығысқа дайын екенін мәлімдеді

Бүгiн, 00:20
266
Бөлісу:
 РИА Новости
Фото: РИА Новости

Куба президенті Мигель Диас-Канель АҚШ-пен соғысқа дайын екенін ашық мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол бұл сөзін АҚШ президенті Дональд Трамптың Гаванаға келіссөздер бастау жөніндегі үндеуінен кейін әлеуметтік желідегі X парақшасында жазды.

Диас-Канель Кубаның еркін, тәуелсіз және егемен мемлекет екенін атап өтті.

 

Бізге ешкім не істеу керектігін бұйыра алмайды. Куба ешкімге шабуыл жасамайды. Керісінше, АҚШ тарапынан 66 жыл бойы үздіксіз қысым көріп келеді. Біз ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейміз, бірақ Отанымызды соңғы тамшы қанымыз қалғанша қорғауға дайынбыз, – деп жазды Куба президенті.

Келесі жазбасында ол елдегі экономикалық қиындықтардың себебін социалистік революциямен байланыстырғандарды қатты сынға алды.

Экономикалық ауыртпалықтарға революцияны кінәлайтындар ұялуы керек. Олар бұл қиындықтардың түп-төркіні АҚШ-тың алты онжылдық бойы жүргізіп келе жатқан тұншықтырушы, қатыгез санкцияларында екенін жақсы біледі әрі мойындайды. Енді Вашингтон бұл қысымды одан әрі күшейтеміз деп отыр, – деді Диас-Канель.

Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп әлеуметтік желіде Кубаға қатысты бірнеше жазба жариялап, Гавананы "кеш болмай тұрғанда" келіссөз үстеліне отыруға шақырған болатын.

Өзгелердің жаңалығы