Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мәлімдеді.
Оның айтуынша, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы 9 айдың қорытындысына сәйкес негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады.
Мәселен, өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8%-ға ұлғайды. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде - 11,2%-ға жоғары өсім тіркелді. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны - 130,5%-ды, құрылыс – 103,4%-ды, тұрғын үйді пайдалануға беру - 112%-ды, сауда - 104,1%-ды құрады, -деді ол.
Сонымен қатар Оңдасын Оразалин облыс аймағындағы қуаңшылықтың кесірінен дәнді-дақылдардың аз өнім бергенін айтты.
Өкінішке орай биылғы жылғы құрғақшылықтың себебінен дәнді және майлы дақылдарымыздың өнімділігі төмен болды. Бұл ретте, өсімдік шаруашылығының өнімі 83,7%–ға азайды, соның салдарынан ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 95,1%–ға төмендеді. Дегенмен, жыл қорытындысына сәйкес мал шаруашылығы есебінен ауыл шаруашылығы көрсеткіші бойынша оң динамикаға шығуды жоспарлап отырмыз, -деді Оңдасын Оразалин .