Қуаңшылық: Маңғыстау және Түркістан облыстарына бөлінген қаражат қалай жұмсалады?

12 Тамыз 2021, 18:10
6707
Бөлісу:
Қуаңшылық: Маңғыстау және Түркістан облыстарына бөлінген қаражат қалай жұмсалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі – министрдің м.а. Ербол Қарашөкеев мәлім етті.

Оның айтуынша, Түркістан және Маңғыстау облыстарындағы жем-шөп тапшылығы ағымдағы жылдан басталған. 

Қазір Маңғыстау облысында 840 мыңға жуық мал бар. Оның жалпы саны тәуелсіздік жылдары 15 пайызға артты. Ал құдықтар саны 2500-ге дейін қысқарған. Дегенмен 2014-2020 жылдар аралығында 387 құдық пен ұңғыма салынып, қалпына келтірілді. Бірақ облыста жайылымдардың өнімділігін арттыру бойынша іс-шаралар іс жүзінде жүргізілмеген, - деді Ербол Қарашөкеев.

Сонымен қатар ол Маңғыстау және Түркістан облыстарына бөлінген қаражаттың қалай жұмсалатынын айтты.

Маңғыстауға Үкімет резевінен 1,9 млрд теңге бөлінген болатын. Бұл қаражат қазіргі таңда облысқа жетті. Сонымен қатар Қызылорда облысына да 1,7 млрд теңге бөлінді. Маңғыстау облысының жергілікті әкімі қаржыны игеруді бастады. Бөлінген қаражат жеке немесе қосалқы қожалықтарға және шаруа қожалықтарының мал азығын арзандатуға арналған ақша. Жергілікті әкімшілік қожалықтардың нақты санын анықтап, тарататын болады. Ол азықты ақшалай түрде алатын болады, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы