ҚТЖ-ның 81 мыңнан астам қызметкері екпе алды

19 Тамыз 2021, 11:00
6291
Бөлісу:
ҚТЖ-ның  81 мыңнан астам қызметкері екпе алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаппай Covid-19 қарсы екпе алудың арқасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да қызметкерлер иммунитетінің жалпы деңгейі 77% жетті.

2021 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша компанияның 81 мыңнан астам қызметкері екпе алды. Бұл ретте, жалпы вакцина қабылдағандардың 73,8% бірінші компонент алса, ал екіншісімен қамтылғандар саны 61,4% жетті. Тек соңғы аптада вакцина алған теміржолшылар саны 1100 астам адам, - делінген хабарламада. 

Темір жолда екпе қабылдау бойынша тұрақты түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Бүкіл ел бойынша болат магистраль қызметкерлері дәрігерлермен онлайн-кездесулерге белсенді қатысуда және «Сovid-19-ға қарсы вакцина» тақырыбында дәрістер тыңдайды. 

Негізінен, вакцина алу өндірістен қол үзбей, депо мен станцияларда жұмыс істеп тұрған медициналық кабинеттерде жүргізіледі. Бұл ретте қызметкерлерге екпе салу алдында терапевт дәрігер сол жерде әрдайым тексеру жүргізеді және вакцина алу мүмкіндігін анықтайды. 

Айта кетейік, Қазақстан аймақтарында вакцинаның үш түрі – қазақстандық QazVac, қытайлық Sinopharm фармацевтикалық кешенінің Vero Cell және ресейлік «Спутник V» вакциналары қолжетімді.

Бүгінгі таңда өңірлер бойынша көшбасшылар арасындағы алғашқы бестікте – Көкшетау, Орал, Қызылорда, Шымкент және Тараз. 

Өзгелердің жаңалығы