ҚТЖ Маңғыстауға жеткізілетін шөпті тегін тасымалдайды

16 Шілде 2021, 20:33
2331
Бөлісу:
ҚТЖ Маңғыстауға жеткізілетін шөпті тегін тасымалдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен аптада еріктілер Маңғыстау облысындағы мал азығына мұқтаж аудандарға шөп жеткізуге көмектесуді сұрап әлеуметтік желілер арқылы «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ басшылығына шыққан.

Бұл туралы «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл уақытқа дейін жергілікті жүк жөнелтушілердің күшімен 9 шілде күні Арыстан екі вагон шөп жіберілген. 12 шілдеде Ұлттық компания мен «Қазтеміртранс» АҚ («ҚТЖ» ҰҚ» АҚ еншілес мекемесі) басшылығының тапсырмасы бойынша тез арада вагондар қарастырылып, жеке экспедитор компаниялардың қаржылай қолдауымен шөп тиелген 5 вагон батыс өңірге жіберілді, – делінген хабарламада.

Ізінала еріктілер шөп басатын вагондар санын көбейту жөнінде тағы да ұсыныс жасады.

2021 жылдың 16 шілдесіне дейінгі шұғыл ақпарат бойынша, серіктестер «Шынгар Транс» ЖШС, «Проммаш KZ» ЖШС, «Integra Construction KZ» ЖШС, «Бастау Транс»ЖШС қаржылай қолдауымен Арыс және Сарыағаш станцияларынан батысқа 10 вагон жөнелтілді. Тағы 30 вагонға қосымша өтініш түсті. Вагонға деген сұраныс әлі де көбеюі мүмкін.

Күрделі жағдайды ескере отырып, ұлттық компания вагондар мен локомотивті қоса алғанда еріктілер жинаған шөпті тегін тасымалдау туралы шешім шығарды, – деді ҚТЖ мамандары.

Өзгелердің жаңалығы