KTZ Express Ресей ағаштарын Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдайды

23 Сәуір 2020, 18:50
1373
Бөлісу:
KTZ Express Ресей ағаштарын Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағаштар Злобино, Базайха, Красноярск, Лесосібір, Чунояр стансаларында шоғырланады және контейнерлік стандарттарға сәйкес кесіліп Достық стансасы арқылы Қытайдың Чунцин, Чэнду, Сиань және Ланчжоу қалаларына жіберіледі.

Айлық трафик көлемі орташа есеппен алғанда 50-62 қырықфуттық контейнерлерден тұратын 15-30 контейнерлік пойызды құрайды.

Осы бағытта тасымалдауға сұраныстың артуына байланысты KTZ Express 2020 жылдың наурызынан бастап жеке ғана емес, сонымен қатар маршрутқа тартылған контейнерлерді де ұсынады.

2019 жылы дәл осы тасымал түрі Қытайдан Ресейге және кері қарай жалпы тасымал көлемінің үш есеге өсуіне ықпал етті, - дейді контейнер тасымалы департаментінің директоры А. Урынбасаров.

2020 жылдың 3 айында Қытай-Ресей-Қытай бағыты бойынша шамамен 7,9 мың ЖФЭ тасымалданғаны анықталды.

Айта кетерлік жайт, 2018 жылдан бастап Қазақстан арқылы бәсекеге қабілетті маршрут бойымен ағаш және кесілген ағаш материалдарын сәтті жеткізу жүзеге асырылды.

Өзгелердің жаңалығы