Әйгілі Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» сапынан кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған клубтың баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, тараптар өзара осындай келісімге келген.
Катардағы Әлем чемпионаты басталардан бұрын Роналду танымал журналист Пирс Морганға сұхбат берген болатын. Аталған сұхбат жанкүйерлер мен футболшылар арасында үлкен дау туғызды.
Еске сала кетейік, Криштиану қазіргі «Манчестер Юнайтед» басшылығын сынға алып, бас бапкерді өзін сыйламағаны үшін айыптаған еді. Бұдан соң БАҚ беттерінде Роналдудың англиялық ұжым сапынан кететіні жазылды.
Роналду ағылшындық командаға 2021 жылдың жазында оралған еді.