Криштиану Роналду Instagram желісінде оқырмандар санымен рекорд қойды

15 Тамыз 2023, 07:58
446
Бөлісу:
Криштиану Роналду Instagram желісінде оқырмандар санымен рекорд қойды
Фото: ашық дереккөз

Футболшы Криштиану Роналду жаңа рекорд орнатты. Ол Instagram желісінде 600 миллионнан астам оқырманы бар алғашқы қолданушы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Криштиану Роналду өткен жылы да осындай рекорд қойып, 500 миллион оқырман жинаған алғашқы адам болды.

Бұл тізімде екінші орында 482 миллион оқырманы бар Криштиану Роналдудың қарсыласы, футболшы Лионель Месси тұр. Одан кейін 417 миллионмен Селена Гомес және 390 миллионмен Кайли Дженнер тұр.

Өзгелердің жаңалығы