Сыртқы істер министрінің орынбасары Болгария елшісімен кездесті

3 Желтоқсан 2021, 11:02
756
Бөлісу:
Сыртқы істер министрінің орынбасары Болгария елшісімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев Болгарияның Қазақстандағы елшісі Боян Хаджиевпен кездесті, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі.

Достық пен ынтымақтастық рухында өткен кездесу барысында тараптар қазақ-болгар ынтымақтастығының негізгі бағыттары бойынша қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, сондай-ақ Қазақстан мен Болгария арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай 2022 жылға арналған екіжақты іс-шаралар кестесін белгіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар сауда-экономикалық ынтымақтастық, туризм, білім беру және әуе қатынасы сияқты салаларда Қазақстан мен Болгарияның жаңа келісімдерге қол қоюға дайындықты белсендетуге уағдаласты.

Өзгелердің жаңалығы