ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Ресей елшісімен кездесті

21 Қазан 2020, 09:22
1550
Бөлісу:
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Ресей елшісімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті.

Тараптар өнеркәсіп және көлік салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Өнеркәсіптік кооперация аясында екі ел автокомпоненттер, ауыл шаруашылығы, тіркеме, жүк және карьерлік техникаларды жинақтау бойынша 19 бірлескен жобаны іске асырды. Тараптар бұл бағытта өзара ынтымақтастықтың әлеуеті зор екенін атап өтті.

Ресей елшісі екі ел арасында көлік және транзит салаларында өзара ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын айтты.

Кездесу қорытындысында тараптар келелі әңгіме үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында қарым-қатынасты әрі қарай дамытудың маңыздылығын атап көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы