ҚПЛ. «Тобыл» көш басындағы «Астанаға» жақындап қалды

30 Мамыр 2021, 17:07
3314
Бөлісу:
ҚПЛ. «Тобыл» көш басындағы «Астанаға» жақындап қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 14-туры аяқталды. Елорданың «Астана» командасы Ақтауда ұпай жоғалтып, «Тобылдың» айырмашылықты қысқартуына мүмкіндік беріп қойды.

Көшбасындағы «Астана» Ақтауға қонаққа барған. Жергілікті «Каспий» командасы өз алаңында кез келген мықтыдан ұпай алуға қауқары бар. Бұған дейін «Қайратпен» тең ойнап, «Тобылды» жеңіп кеткен.

«Астана» сапынан сары қағаздарының санына байланысты команда көшбасшысы Марин Томасов қатыспады. Оның орнына оң қапталда Тигран Барсегян өнер көрсеткен. Армениялық футболшы матчтың 8-минутында есеп ашып, елордалықтарды алға шығарды. Одан кейін Роман Мұртазаев 2-голды соққан. 

Үзілістен кейін жағдай мүлдем өзгерді. «Каспий» таразы басын теңестіріп үлгерді. Талғат Кусяпов пен Аслан Дарабаев мергендік танытты.  Сөйтіп кездесу тең аяқталды.

Екінші орындағы Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында «Ақтөбені» жеңді. Соның арқасында «Астанамен» ұпай айырмашылығын үшеуге дейін қысқартты. Енді келесі турда Нұр-Сұлтанда екі ұжым өзара кездеседі.

Айтпақшы, «Тобылдың» бірінші голына қатысты тағы да дау туындап жатыр. Азат Нұрғалиев қарсыластың айып алаңында симмуляция жасап, өтрік құлаған. Төреші пенальти белгіледі.

Биылғы маусымда төрешілердің «Тобылдың» пайдасына қателесуі жиілеп кетті.

Қалған мачтардың нәтижелері мынандай:

«Қызыл-Жар СК» – «Тараз» – 2:2 

Голдар: Адамович, 12 (0:1). Адамович, 37 (0:2). Зорич, 65 (1:2). Қасым, 90-пенальтиден 2:2).

Алаңнан қуылды: Сапарғалиев, 88

«Қайрат» – «Қайсар» – 1:0 

Гол: Канте, 33 (1:0).

«Тұран» – «Жетісу» – 0:2 

Голдар: Нұрбол, 51 (0:1).Жақсылықов, 64-пенальтиден (0:2).

Алаңнан қуылды: Адамс, 74 «Каспий» – «Астана» – 2:2 Голда: Барсегян, 8 (0:1).Муртазаев, 30 (0:2).Кусяпов, 52 (1:2). Дарабаев, 61 (2:2).

«Ордабасы» – «Шахтер» – 0:0

Пенальти соқпады: Жоао Пауло, 58 

«Тобол» – «Ақтөбе» – 2:1 

Голдар: Нургалиев, 17-пенальтиден (1:0). Мирошниченко, 29 (2:0). Дубайич, 87 (2:1).

 

«Атырау» – «Ақжайық» – 2:0 

Голдар: Родионов, 45+1 (1:0). Брайан, 58 (2:0).

Өзгелердің жаңалығы