"Көзбояушылық көп". Үкімет басшысы мүгедектігі бар азаматтардың жағдайы туралы айтты

6 Қараша 2024, 11:19
484
Бөлісу:
"Көзбояушылық көп". Үкімет басшысы мүгедектігі бар азаматтардың жағдайы туралы айтты
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов мүгедектігі бар азаматтарға арналған инфрақұрылымды жаңғырту керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгінде елімізде инфрақұрылымның 45%-ы мүгедектігі бар жандар қажеттіліктеріне бейімделген. Премьер-министр нақты нәтижеге қол жеткізу үшін осы бағытта сапалы жұмыс жүргізу маңызды екенін атап өтті.

Кейбір пандустар мен ауыспа жолдардан өтер кезде қол арбамен (коляска) жүрген ата-аналар да әлекке түсіп жатады. Арнайы лифтілер мен көтергіштер жұмыс істемейді. Биік бордюрлер жолды кесіп өтуге кедергі келтіреді. Яғни қолайлы орта қалыптастыру бойынша жасалып жатқан жұмыстарда көзбояушылық көп. Нысандарды мүгедектігі бар адамдардың, қарттардың ыңғайына қарай бейімдеу жұмысын күшейту қажет. Бұл, әсіресе әлеуметтік объектілерге, дәріханаларға, азық-түлік дүкендері мен сауда орталықтарына қатысты. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне құрылыстың сапасы мен жауапкершілікті арттыру үшін қолданыстағы стандарттарды қайта қарауды тапсырамын. Нормалардың сақталуын бақылау қажет, - деді Олжас Бектенов.

Өзгелердің жаңалығы