Котто: Головкин Альваресті жеңу үшін тәуекелге баруы керек

25 Сәуір 2020, 05:27
1416
Бөлісу:
Котто: Головкин Альваресті жеңу үшін тәуекелге баруы керек

Бокстан төрт салмақ бойынша бұрынғы әлем чемпионы Мигель Анхель Котто орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA Super және WBC Franchise бойынша әлем чемпионы Сауль Альварес арасындағы үшінші бәсекелестік туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Пуэрто-Рикалықтың айтуынша, қазақстандық боксшы жеңіске жету үшін көп нәрсе жасауы керек.

Менің ойымша, бүкіл әлем Головкин мен Альварестің арасындағы үшінші жекпе-жекті тамашалайды. Жақында бұл кездесуді көреміз деп ойлаймын. Геннадий жеңіске жету үшін көп нәрсе жасауы керек. Бірінші жекпе-жек жеңіске жақын болды, ал екіншісінде Головкин жеңіліп қалды. Осы жолы бар күш-жігерін салу керек, - деді Котто Boxingnews24-ке берген сұхбатында.

Еске сала кетелік, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды, екінші айқаста жеңіс мексикалыққа берілді. Екі жағдайда да төрешілер шешімі күмән тудырды.

Өзгелердің жаңалығы