Қостанайда мас жүргізуші жүк көлігімен бес көлікті қағып кетті

18 Желтоқсан 2020, 05:28
1681
Бөлісу:
Қостанайда мас жүргізуші жүк көлігімен бес көлікті қағып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайда мас күйдегі жүргізуші бес көлікті қағып кетті. Сонымен бірге, кінәлі мінген жүк көлігі де ұрланған болуы мүмкін. Апаттан кейін ГАЗ-53 жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.

Оқиға 16 желтоқсанда сағат 02.33-те болған. Қостанай облысының 34 жастағы тұрғыны мас күйінде ГАЗ-53 көлігін басқарған. Ер адам алдымен қоршауды, содан кейін бес көлікті соғып өтті.

Ер адам оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел іздестіру шаралары барысында ер адам полиция қызметкерлерімен ұсталды. 34 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610, 611-баптары бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды, - деп хабарлады Қостанай облысы ДП баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Қостанай облысының полиция басқармасы жол-көлік оқиғасы орын алған көлік құралын ұрлауға қатысты ер адамды тергеуде.


Өзгелердің жаңалығы