Қостанайда 310 мыңға жуық адам індетке қарсы вакцина алған

14 Қыркүйек 2021, 13:05
8685
Бөлісу:
Қостанайда 310 мыңға жуық адам індетке қарсы вакцина алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов хабарлады. 

Оның айтуынша, СOVID-19-ға қарсы вакцинация бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Сондай-ақ вакцинациялауды жүргізу үшін емханалардан басқа адамдар көп жиналатын орындарда жеке егу кабинеттері ашылған көрінеді.

Бүгінгі күні І компонентпен 309 839 адам немесе 61,3%-ы қамтылды. Ал ІІ компонентті 268 275 адам алған, бұл тиісті халықтың 53,1%-ын құрайды. Вакцинациялауды жүргізуге тиісті оқытудан өткен 426 медицина қызметкері жұмылдырылды, - деді облыс әкімінің орынбасары.
Айта кететін жайт, бүгінгі күні «Ashyq» жобасына қатысуға 4 819 өтінім қабылданды. Оның ішінде 4 719 кәсіпорын QR кодтарын алды.

Биылғы 1 тамызбен салыстырғанда «Ashyq» жобасына қатысушылар саны 1 978 кәсіпорынға ұлғайды немесе бұл 41,0%-ды құрады.

Жалпы алғанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты және ерекше бақылауда тұр, - деп атап өтті Ерлан Спанов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысында 31 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы