Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 маусым күні Боровской кентінде Меңдіқара ауданының білім бөлімінің басшысы өз-өзіне қол жұмсады.
Бұл ақпаратты өңірдің Білім басқармасының баспасөз қызметі растады деп хабарлады Тobolinfo.kz.
Қалыбек Жүгінісов сыбайлас-жемқорлыққа қатысы бар деп күдікке ілініп, екі аптаға жуық үй қамақта болған.
2 маусымда зайыбы Қостанайға кетіп, үйде ер адам жалғыз қалған. Оны сол күні кешке туыстары тауып алған.
Қалыбек Байжанұлы Қызылорда облысының Арал қаласынан. Ол Қостанай облысына 2015 жылы келіп, Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Ал үш жыл бұрын оны аудандық білім бөлімінің басшысы етіп тағайындады, - деді Меңдіқара ауданының білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Жанайдаров.
Ол Жүгінісов әрдайым қызметкерлерге қолдау көсетіп, жұмысына өте жауапты болғанын атап өтті.
Меңдіқара ауданының бұрынғы басшысы Қызылорда облысында жерленеді.