Қостанай облысы Қарабалық ауданында ет өңдеу комбинаты ашылды

31 Қазан 2021, 12:50
2955
Бөлісу:
Қостанай облысы Қарабалық ауданында ет өңдеу комбинаты ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Терра» ЖШС ет өңдеу комбинаты етті мал шаруашылығын, экспорттық әлеуетті, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін ескере отырып, кооперацияны дамыту шеңберінде іске асырылды.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қостанай облысы Қарабалық ауданында ет өңдеу комбинаты ашылды

Биыл қысқа мерзім ішінде заманауи технологиялар талаптары бойынша қуаттылығы ауысымына 64 бас ІҚМ/жылқы (жылына 20 мың бас) болатын ІҚМ мен жылқыларды сою пункті енгізіледі, жобаның құны өз қаражаты есебінен 900 млн теңгені құрайды, өндірісті кеңейтуді ескере отырып, шамамен 100 адам жұмысқа орналастырылады.

Қостанай облысы Қарабалық ауданында ет өңдеу комбинаты ашылды

Мал сою пункті шетелдік жабдықтармен жарақтандырылған (Италия, Германия, РФ өндірген). 

Қостанай облысы Қарабалық ауданында ет өңдеу комбинаты ашылды

Бұл жоба сумен және газбен жабдықтау инфрақұрылымы объектілерін тарту бойынша облыстың индустрияландырудың Жол картасына енгізілген.

Алдағы уақытта сиыр еті мен басқа да өнімдерді терең өңдеуді дамыту, ет консервілері, шұжық өнімдері, ет деликатестерін өндіру жоспарланып отыр. 

Қостанай облысы Қарабалық ауданында ет өңдеу комбинаты ашылды


Өзгелердің жаңалығы