Көшпенділер ойыны: Америкалық ковбойлар Астанаға келді

Бүгiн, 08:36
361
Бөлісу:
Көшпенділер ойыны: Америкалық ковбойлар Астанаға келді
VIDEO
Фото: автордан

5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойынының басталуына 2 күн қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көшпенділер ойынына 89 елден 2500 ге жуық спортшы қатысады. Олардың ішінде америкалық ковбойлар да бар. Көкпардан АҚШ құрамасы таңғы 7:20-да Астана халықаралық әуежайына келді.

Көкпар өте қызықты ойын. Көкпар ойынымен 12 жасымда таныса бастадым. Бұл ойын қиын спорт түрі. Көкпар арқылы Қазақстанды жақсы тани бастадым. Көшпенділер ойындарына 24-30 аралығында 9 адам келдік. Көкпардағы ең маңызды нәрсе аттың өзін жақсы сезінуі, -дейді көкпардан АҚШ құрамасының капитаны Скотт Симмерман.

Айта кетейік, елімізде Көшпенділер ойыны 8-13 қыркүйек күндері өтеді.

Өзгелердің жаңалығы