Айшолпан Нұрғайыпқызы – әлемге аты әйгілі бүркітші. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына келген туристердің кейбірі Қазақстанға арнайы Айшолпан үшін келген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Құсбегі қыз Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында туып, сол жақта танымал болған. Бірақ жоғары оқу орнын шетелден түскен әртүрлі ұсыныстарға қарамастан, Қазақстаннан тәмамдады. Қазір ата-анасы да Шығыс Қазақстан облысына көшіп келді. Осыған байланысты биылғы ақпанда Баян-Өлгей журналисі Нұрболат Өнерханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында Айшолпанның Моңғолиядан кетуі онда келетін туристер санының азаюына әкелуі мүмкін екенін айтқан. Енді туристер бүркітші қызды Қазақстанға іздеп келетін болды.
Айшолпан Нұрғайыпқызымен сұхбат құрдық. Құсбегі қыздан Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қалай өткенін, Қазақстанға келген шетелдіктер қандай әсер алғанын, бүркітті қалай баптайтынын, қыран бүркіт пен қазақты не байланыстыратынын, құсбегі қыздың феминизм туралы ойын және арманын сұрадық.
Сұхбатты төменнен тамашалай аласыздар.