Көшпенділер ойындары. Бәйгеге шабатын аттар белгілі болды

Бүгiн, 16:28
136
Бөлісу:
Көшпенділер ойындары. Бәйгеге шабатын аттар белгілі болды
Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

Алматыда бәйгеден қала кубогі өтіп, ат жарыс аясында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеудің екінші кезеңі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Осы ат жарыс аясында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы – Кұнан бәйге, Топ бәйге, Жорға жарыс және Аламан бәйгеге үздік жылқыларды іріктеп алдық», - деді Республикалық «Бәйге» федерациясының атқарушы директоры Алтай Бимен.

Құнан байге бойынша І орынды Сұңқар атты тұлпар, шабандозы Абзал Тұрғанбек иеленді. II келген Бақторы, шабандоз - Ділнұр Нұрмұқаш. Сениорита есімді жылқы үшінші келді. Шабандозы – Абзал Тұрмыс.

Топ бәйгеде топ жарған жылқы Зымыран,шабандоз Арнат Мұратхан. II орында Маймақ, шабандоз - Абзал Тұрмыс. Үшінші орын – Ертұран, шабандоз – Исламнұр Еркөс.

Жорға жарыс қорытындысы бойынша I орынды Аквамарин, шабандоз - Евгений Чибисов. II орын - Триумф, шабандоз - Әлия Тоқтасынова. III орын Профессор, шабандоз – Ерұлан Тілеуғалиұлы.

Ал Аламан бәйгені алған Виза есімді жүйрік, шабандоз - Алихан Бақытханұлы. Екінші келген Күрең ат, шабандоз - Арнат Мұратхан. Үшінші орын – Әлқисса атты тұлпар, шабандоз – Мәди Жолшыбек.

Еске сала кетейік, Республикалық бәйге федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, садақ ату, құсбегілік, асық ату, «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады

Өзгелердің жаңалығы