Көші-қон саласындағы бірқатар функция ІІМ-ден Еңбек министрлігіне берілді

3 Ақпан 2022, 11:02
979
Бөлісу:
Көші-қон саласындағы бірқатар функция ІІМ-ден Еңбек министрлігіне берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы қаңтардан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен ІІМ-ден Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне көші-қон саласындағы 20 функция берілді. 

Ол үшін Еңбек кодексіне, «Босқындар туралы» «Халықтың көші-қоны туралы», «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» және «ішкі істер органдары туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, еңбек иммигранттарына рұқсат беру, босқындармен жұмыс, Халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру, көші-қон процестерінің мониторингі және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен тікелей байланысты емес бірқатар басқа да өкілеттіктер берілді, - делінген хабарламада.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің босқындармен жұмысы көбіне оларға әлеуметтік көмек, медициналық қызмет және білім беруге, сондай-ақ оларды жұмысқа орналастыруға бағытталатын болады.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, «Азаматтық ведомствоның» БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссарының басқармасы, Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым, үкіметтік емес ұйымдар сияқты халықаралық құрылымдармен тығыз өзара іс-қимылы олардың өзекті мәселелерін халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы шешуге мүмкіндік береді.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы берілетін «Еңбек патенттері»  деп аталатын жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істеу үшін еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар берумен ұқсас жағдай.

Шетелдіктердің жұмыс істеуіне рұқсаттардың барлық басқа түрлерін жергілікті атқарушы органдар береді, оларды беру тәртібін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айқындайды.

Босқындар мен еңбек мигранттарының Қазақстанда болудың белгіленген ережелерін сақтауын бақылау бұрынғысынша полиция құзыретінде сақталған. Яғни, босқын мәртебесін және жеке тұлғадан еңбек қызметіне рұқсат алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушылар орналасқан жері бойынша полицияға уақытша тұруға рұқсат алу үшін міндетті түрде жүгінуі тиіс, - делінген хабарламада.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне телефон арқылы хабарласуға болады 8/717/2-74-37-78, 74-37-26 және ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті телефондары бойынша 8/717/2-71-40-73,72-20-62.

Өзгелердің жаңалығы