Көшербаев: Заң үстемдігін орнату – мемлекетшіліктің негізін сақтаудың кепілі

23 Қыркүйек 2021, 10:21
3381
Бөлісу:
Көшербаев: Заң үстемдігін орнату – мемлекетшіліктің негізін сақтаудың кепілі
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ТМД қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің 31-отырысында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев айтты.

ТМД елдерінің 30 жылдығына орай үйлестіру кеңесінің кезекті отырысын Қазақстанда өткізу үлкен маңызға ие. Бұл шара ТМД елдері прокурорларының өзара ынтымақтастығын нығайта түсетініне сенімдімін. Прокуратураға құқықтық жүйе мен ұлттық жүйенің негізгі рөлі тиесілі. Прокуратура қызметіне жататын азаматтардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау, заң үстемдігін орнату мемлекетшіліктің негізін сақтаудың кепілі болып саналады. Үйлестіру кеңесіндегі бірлескен жұмыс ТМД елдеріндегі қылмысқа қарсы тиімді іс-қимылды арттыра түсетініне сенімдімін, - деді Көшербаев.
Мемлекеттік хатшы үйлестіру кеңесінің жұмысына Мемлекет басшысы да ерекше көңіл бөлетінін айтып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін оқып берді.

Айта кетейік, ТМД Бас прокурорларының үйлестіру кеңесі 1995 жылғы 7 желтоқсанда құрылған. 2000 жылғы 25 қаңтардағы ТМД қатысушы-мемлекеттерінің мемлекет басшылары Кеңесінің шешімімен оған ТМД мемлекетаралық органы мәртебесі беріледі. Осы құжатқа Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Украина қол қойған.

Өзгелердің жаңалығы