Көшербаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия кеңсесіне барды

11 Наурыз 2021, 18:19
1702
Бөлісу:
Көшербаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия кеңсесіне барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырымбек Көшербаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жобалық кеңсесіне барды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Бүгін Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жобалық офисінің жұмысымен танысты. 

Жобалық кеңсенің жалпы ұйымдастыру кезеңі аяқталған. Ғалымдар мен сарапшылардан құралған 11 жұмыс тобының жасақталғаны, архивтік құжаттарды жинақтау, зерделеу және Мемлекеттік комиссия қорытындысына дайындаудың әдістемесі мен ережесі әзірленді. Өңірлерде құрылған комиссиялардың жұмысы жандана бастаған, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы